Алматыда екі жасар сәби өртеніп кетті

Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

Алматыда екі жасар сәби өртеніп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жан түршігерлік оқиға Алатау ауданының Құрылысшы ықшамауданында орын алған. 9-маусым күні таңертең жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Төтенше жағдай болған жерден 2012 жылы туылған қыз баланың өлі денесі табылған. Ал 69 жастағы зейнеткер апа түрлі деңгейлі күйікпен ауруханаға жатқызылған. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама