Алматыда ер адам шіркеулерге тас лақтырған

Алматыда полицейлер шіркеулерге тас ла?тыр?ан ер адамды ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 30-35 жаста?ы еуропалы? н?сілді ер адамны? б?за?ылы?ы туралы м?лімет т?нде Алматы жедел бас?ару орталы?ыны? "102" пультіне хабар т?скен. Полиция м?ліметінше, ол 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде орналас?ан Вознесенский кафедралы? соборыны? терезісін сындыр?ан. 

Алматыда полицейлер шіркеулерге тас лақтырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 30-35 жастағы еуропалық нәсілді ер адамның бұзақылығы туралы мәлімет түнде Алматы жедел басқару орталығының "102" пультіне хабар түскен. Полиция мәліметінше, ол 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде орналасқан Вознесенский кафедралық соборының терезісін сындырған. 

"30 минуттан соң ол Бостандық ауданындағы Алатау ауылындағы Петр мен Павелдің храмына келіп, терезелерін шаққан. Жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларын қарап шығып, қаскөйдің алматылық 1984 жылғы Л.Иванов екені анықталған. Оның көлігін тексеру барысында салоннан тастар табылған", - деді полициядағылар. 

Бұзақы өз кінәсін толығымен мойындады. 

Реклама
Реклама

"Ол бұрындары дін қызметкерлерімен араздасқанын айтып, сол үшін де осылайша кек қайтармақшы болғанын жеткізді. Негізгі мотив тергеу барысында анықталатын болады", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Бұзақылық дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама