Жароков көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін трамвай жолы рельстерін алу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 28 сәуірінен 13 мамырға дейін аталған телімде көліктер қозғалысы тоқтатылады, - делінген Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гагарин даңғылында асфальтбетон жамылғысын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 27 сәуірі сағат 07.30-21.00 аралығында әл-Фараби даңғылы мен Березовский көшесінің, 28 сәуірде сағат 07.30-21.00 аралығында Березовский-Өтепов көшелерінің және 29 сәуірде сағат 07.30-21.00 аралығында Өтепов-Тимирязев көшелерінің аралығында көліктер қозғалысы тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Көлік қозғалысы уақытша Розыбакиев және Жароков көшелерімен ұйымдастырылады.