Алматыда газбен жүретін "Iveco" маркалы автобус сынақтан өтеді

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Итальянды? "Iveco" компаниясы Алматы ба?ыттарында газбен ж?ретін автобустарды к?рсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.  Б?л т?мен еденді автобус, ?зынды?ы 12 метр, кондиционермен, пандуспен, видеокамерамен жабды?тал?ан, сыйымдылы?ы - 100 жолаушы?а дейін.

Итальяндық "Iveco" компаниясы Алматы бағыттарында газбен жүретін автобустарды көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бұл төмен еденді автобус, ұзындығы 12 метр, кондиционермен, пандуспен, видеокамерамен жабдықталған, сыйымдылығы - 100 жолаушыға дейін.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов газбен жүретін автобус үш ай бойына "Қазақстан" қонақ үйінен "Медеу" мұз айдынына дейін баратын №12 бағытқа қызмет көрсететінін айтты.

Реклама
Реклама

"Аталған маркалы автобустар әлемдік нарықта өздерін жақсы қырынан көрсетті, дегенмен біз оны Алматы жағдайында тексеріп көреміз, сондықтан жүктемені анықтау үшін осы бағыт таңдап алынды. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қалада көлік реформасы аясында газбен жүретін автобустарға қатысты қажетті инфрақұрылым жасалуда, жүйенің ашықтығы қамтамасыз етілген, Алатау ауданында 200 автобусқа арналған автопарк құрылысы жүруде, сондықтан өндірушілер қызығушылық танытуда. Бағасына, сапасына қатысты барлық мәліметтер жиналған соң тасымалдаушылар белгігі маркалы автобустарды алатын болады", - деді ол.

"CNH Industrial" өңірлік менеджері Роберто Бонзо автобустың Алматыға Еуропадан әкелінгенін және барлық жоғары сапалы стандарттарға сай екенін атап өтті.

"Егер Алматы тасымалдаушылары біздің марканы қаласа, Қостанай қаласындағы зауытта жасалып, құрастырылатын отандық автобустарды ұсынамыз. Мұнда тиісінше ұтымды баға мен шартты жағдайлар да болады", - деді "СарыаркаАвтоПром" ЖШС-тің басқарушы директоры Орудж Назаров.

Еске салайық, №12 бағытында газбен жүретін Mercedes-Benz маркалы автобус да тестен өтуде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама