Алматыда куәгер автобустардың "қақтығысын" видеоға түсіріп алды

Алматыда куәгер автобустардың "қақтығысын" видеоға түсіріп алды © Youtube

Алматыда екі автобустың жүргізушілері жол бөлісе алмай, салдарынан жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Motor.kz. Автобустардың біріндегі жолаушы оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 9 маусымда сағат 11.30 шамасында Төле би көшесінің Тілендиев көшесімен қиылысына жақын маңда болды. Муниципалды парк автобусын жекеменшік автобус жанап өткеннен кейін жолаушылар көліктің номерін жазып алу керек екенін айтып, айғайлай бастайды.

Куәгер екі автобус арасындағы қашықтықты түсіру үшін алдыңғы есіккке келеді. Апаттан кейін жолаушылар автобустан түсіп, басқа көлікке отыру үшін аялдамаға барды.

Жарнама
Жарнама

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама