Алматыда қар жауғалы бері 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген

Коллаж. © Tengrinews.kz

Алматыда қар жауғалы бері 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 9 ақпанда кешкі уақытта қар жауды. 10 ақпандағы 07.00 жағдайында тау етегінде 25 сантиметрге дейін қар жауды, қалада - 15 сантиметр. Полиция өкілдерінің мәліметінше, 8 ақпандағы 00.00-ден 9 ақпандағы 00.00-ге дейін 14 жол-көлік оқиғасы болған. Ал 10 ақпандағы 10.00-де, кезекші тәуліктердің мөлшерін қосқанда, жалпы 96 жол-көлік оқиғасы тіркелген. "Негізінде бұлар ұсақ апаттар. Қатты зардап шеккендер жоқ. Ешкім қаза тапқан жоқ", - деп мәлімдеді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Полиция жүргізушілерді көлікті қысқы кезеңде абай жүргізуге шақырады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама