Алматыда қашан жарық қосылады?

Алматыда электр қуаты дерекөзін қайта іске қосу бір жарым сағат ішінде жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі электртиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына сілтеме жасап. 

Алматыда электр қуаты дерекөзін қайта іске қосу бір жарым сағат ішінде жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі электртиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына сілтеме жасап. 

"15 шілдеде сағат 14.14-де "АлЭС" АҚ 2-ЖЭО көзінде техникалық ақау пайда болды, бұл қаланың едәуір бөлігін энергиямен жабдықтауда іркіліске алып келді. Қазіргі уақытта ЖЭО-2-де КЛ-220 кВ электр қуаты берілді. Сондай-ақ қаланың сыртқы шеңбері бойынша (KEGOC 220 кВ желісі) қаланы электр энергиясына қосу үдерісі жүріп жатыр.

Дереккөзді қайта іске қосу 1-1,5 сағат ішінде болады. Электр энергиясын беру 17.00-ге дейін толық көлемде қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Басқарма өкілдері қазіргі уақытта бағдаршамдардың жұмысы қалпына келтірілгенін айтады. ПД 450 қызметкері жол қозғалысын бақылау мен реттеуді қамтамасыз етеді.

"Арнайы жұмыс тобы апат себептерін анықтайды. Мегаполистегі жағдай бақылауда", - деді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама