Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды

Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды © 116kzn.ru

Алматыда к?лік полициясы за?сыз к?ші-?онмен айналыс?ан ?йымдас?ан ?ылмысты? топты ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz к?ліктегі ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыда көлік полициясы заңсыз көші-қонмен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында 59 жастағы ер адам мен екі әйел ұсталған.

"Көлік полициясының қызметкерлері тексеріс кезінде ұсталғандардың заңсыз көші-қонмен айналысқанын, яғни, жас қыздарды Алматы әуежайы арқылы Қазақстаннан алып кетіп, Оңтүстік Кореяға секс қызмет көрсетуге жібермекші болған", - деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама