ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 мамыр 2018 11:43
Алматыда қыз баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты іс сотқа келіп түсті
Алматыда ?ыз баланы ?а?ып ?лтірген автобус ж?ргізушісіне ?атысты ?оз?ал?ан ?ылмысты? іс сот?а келіп т?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Алматыда қыз баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"3 мамырда автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") қозғалған қылмыстық іс келіп түсті. Іс материалдары Әуезов аудандық сотына келді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұл оқиға биыл 18 сәуірде Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған еді. Автобус жүргізушісі қыз баланы қағып кеткен еді, нәтижесінде қыз оқиғап орнында қаза болды.
Кейінірек жүргізуші оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Ол қызды қаққан кезде бағдаршамның қызыл түсіне өткен мойындаған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу