Алматыда салқындатқышы бар автобустар пайда болады

© Николай Колесников

Алматыда сал?ындат?ышы бар автобустар пайда болады, - деп хабарлайды Periscope.tv желісіндегі Алматы ?кімдігіні? ресми пара?шасыны? м?ліметі бойынша, б?гін Семейде жасал?ан экологиялы? Daewoo маркалы автобустарды? ал?аш?ы топтамасы жеткізілді.

Алматыда салқындатқышы бар автобустар пайда болады, - деп хабарлайды Periscope.tv желісіндегі Алматы әкімдігінің ресми парақшасының мәліметі бойынша, бүгін Семейде жасалған экологиялық Daewoo маркалы автобустардың алғашқы топтамасы жеткізілді.

"Бұл автобустар Қазақстанда жасалған. Бүгін 10 автобус жеткізілді. Тағы 25 автобус жақын арада Алматыға жеткізіледі. Бұдан кейін қабылдау актісі өткізіліп, автобустарға мемлекеттік номерлер беріледі. Автобустарда салқындатқыш бар. Автобустар зейнеткерлер мен мүгедектерге ыңғайлы болу үшін төмен етіп жасалған. Сонымен қатар, "Оңай" жүйесі де іске қосылады", - деді қалалық әкімдіктегілер.

Автобустар газбен жүреді. Олар шамамен маусым айының соңында - шілденің басында іске қосылады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы жеке инвесторлардың газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алатынын айтқан болатын. Қалада қазір шамамен 1600 автобус жұмыс істейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама