Алматыда салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады

Алматыда наурызды? со?ына дейін салы?ы т?ленбеген мы?нан аса к?лік айып т?ра?ына ?ойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс бас?армасына сілтеме жасап. 

Алматыда наурыздың соңына дейін салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасына сілтеме жасап. 

"Алматының Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы сот органдары мен сот орындаушыларын іске тарта отырып, көлік салығы бойынша қарыздарды өндіруге қатысты кең ауқымды жұмыс жүргізеді. Қазір сот органдары 371 миллион теңге қарыз бойынша 1 704 жарлық шығарды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жарлықтар негізінде осы уақытқа дейін 250 көлік айып тұрағына қойылды. Қалған 1 454 көлік наурыздың соңына дейін айып тұрағына қойылады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, барлық борышкердің Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қойылып, жүргізуші куәлігінің жарамдылығы тоқтатылады, мүлкі мен банктегі есепшотына тыйым салынады. 

"Жайсыз жағдайға тап болмау үшін көлік салығы бойынша қарыздарды наурыздың соңына дейін өтеуге шақырамыз", - дейді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама