Алматыда "Сергек" камералары іске қосылды

© Atameken Business Channel

Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында "Сергек" фотовидеофиксация кешені орнатылды. Жыл соңына дейін Абай даңғылының бойына және Тимирязев көшесіне қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласын дамыту орталығына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта 20 шақты камера орнатылған. 

"Әл-Фараби даңғылының бойында 3 кешен орнатылған: шығыс және батыс бағыттарда. Абай және Сейфуллин даңғыларының қиылысында батыс бағытта бір кешен орнатылған. Абай мен Розыбакиев қиылысында керісінше шығыс бағытта орнатылған", - деді Интеллектуалдық-көлік жүйесі жобасының жетекшісі Бауыржан Шадаев. 

Реклама
Реклама

Мамандардың айтуынша, бір кешенге 3-4 камера кіреді. Жыл соңына дейін 10 кешен (30-40 камера) орнату жоспарланған. 

"Нақты қай жерлерге қойылатынын кесіп айта алмаймыз, себебі қазіргі уақытта "Алматы Қала Жарық" жарық беретін бағаналар қайта жөндеуден өткізіліп жатыр. Жарық беруші бағаналарға орнатуды жоспарлап отырмыз. Камералар электр қуаты арқылы жұмыс істейді. "Алматы Қала Жарық" өз жұмысын аяқтаған соң жаппай орнатамыз", - дейді жоба жетекшісі Бауыржан Шадаев.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама