Алматыда су арзандайды

Алматыда су арзандайды © pixabay.com

"Алматы Су" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өкілдері 2019 жылдан бастап суық су 10 пайызға арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы Су" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өкілдері 2019 жылдан бастап суық су 10 пайызға арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 қаңтардан бастап тарифтер өзгереді. Біз бұл туралы монополияға қарсы агенттіктегілермен келістік. Судың бағасы 1 000 литріне 55,56 теңге болатын, енді шамамен 50 теңге болады. Кәріз жүйесі 28,8 теңге болса, алдағы уақытта 25,7 теңге болады. 1 қаңтардан бастап", - деді "Алматы Су" кәсіпорнының ресми өкілі Серік Шағыров.

Бас директордың орынбасары Нұриддин Жарболов тарифтердің 10 пайызға дейін төмендейтінін нақтылады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама