Алматыда тайталасқан троллейбус жүргізушілері жұмыстан шеттетілді

Алматыда Райымбек да??ылында тайталас?ан троллейбус ж?ргізушілері ж?мыстан уа?ытша шеттетілді. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green bus" ЖШС директоры Бауыржан К?лышев айтты.

Алматыда Райымбек даңғылында тайталасқан троллейбус жүргізушілері жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green bus" ЖШС директоры Бауыржан Кұлышев айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін троллейбус жүргізушілерінің тайталасы түсірілген видео пайда болған еді.


Видео авторы: Ivan Carvin

Реклама
Реклама

Компания басшысының айтуынша, жүргізуішілер уақытша бір аптаға жұмыстан шеттетілген.

"Екінші көлік уақыт жағынан үлгере алмай жатты. Содан олардың арасында жанжал шықты. Екеуі де жұмыстан босатылды. Осы мәселемен айналысатын боламыз", - деді Құлышев. Сондай-ақ, ол екінші жүргізушінің бірінші жүргізушімен келісімге келуі керектігін және диспетчерге осы жайлы хабарлауы керек болғанын айтып өтті.

Оның айтуынша, оқиға барысында троллейбустар бүлінген жоқ. "Троллейбустар бір-бірін басып озып жүре алмайды. Екі жүргізуші де диспетчерге осы жайлы хабарлауы керек еді", - деді Құлышев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама