Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жеңілдіктер маусымы іске қосылады

© Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы

28-ші Д?ниеж?зілік ?ыс?ы Универсиада-2017 іс-шарасын ?ткізу ?арса?ында Алматыда ?ала т?р?ындары мен ?она?тары ?шін нау?анды??сыныстар іске ?осылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ?аласы К?сіпкерлік ж?не индустриалды-инновациялы? даму бас?армасына сілтеме жасап.

28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 іс-шарасын өткізу қарсаңында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін науқандықұсыныстар іске қосылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.

Almaty Sales Festival шеңберіндегі сатылым 2017 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтеді. Барлық 126 сауда ойын-сауық орталықтары мен "street retial" үлгісіндегі дүкендерде азық-түлік емес тауарлардың кең көлемдегі түрлеріне жеңілдіктер беріледі.

Науқандық ұсыныстар Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтетін еліміздің зат белгілік Универсиада-2017 іс-шарасына орайластырылатын болады. Бұл кезеңде Қазақстан өңірлері мен шетелдерден туристердің келуі күтілуде. Іс-шараның өзіне әлемнің 58 елінен келетін 2 000-нан аса спортшы қатысады.

Реклама
Реклама

2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекелеріне орайластырылған сатылымдардың жүргізілгенін атап өтеміз. Атап айтқанда, 120-дан астам сауда ойын-сауық орталықтары мен 120 азық-түлік әмбебап дүкендері 19-80 пайызға дейінгі жеңілдіктерді іске қосты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама