Алматыда ұрыны ұстауға көмектескен оқушы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Магомедамин Килоев

Алматыда ұрыны ұстауға көмектескен тоғызыншы сынып оқушысы оқиғаның мән-жайын баяндап берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

20 қарашада 15 жастағы Магомедамин Килоев көшеде зейнеткерді тонаған ер адаммен айқасты. Жасөспірім аялдамада тұрған, бір кезде "Ұрыны ұста!" деген дауысты естіпті.

"Магомедамин, ұзақ ойланып тұрмастан, қашқынды қуа жөнелген. Олар төбелесіп, ұры жасөспірімнің бетінен шөлмекпен ұрып үлгеріпті. Жаралы бала сонда да ер адамды ұстап, оқиға орнына жеткен полицейлердің қолына беріп үлгерді", - деп хабарлады TengrinewsTV.

Реклама
Реклама

Магомедаминнің бетінде тыртық қалған. Полицейлер мен Бостандық аудандық әкімдігі оқушының ерлігін ескеріп, оған ноутбук сыйлады. Жасөспірім кино саласында жұмыс істегісі келеді, нақтырақ айтқанда монтаждаушы болуды армандайды. Ал әмиянын тонаушыдан алып берген бала кейуанамен әлі кездеспепті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама