Алматыда жәрмеңкеде 220 тоннаға тарта азық-түлік сатылды

Алматыда жәрмеңкеде 220 тоннаға тарта  азық-түлік сатылды Фото Даурена Исаев

Алматыда өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 220 тоннаға тарта отандық өнім сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қала тұрғындары жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері шығарған 50-ге тарта өнім түрлерін 15-20 пайыздық төмен бағамен сатып ала алды.

Жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасын қала әкімі Ахметжан Есімов оң бағалады.

Реклама
Реклама

Ал жалпы санын алғанда Алматы тұрғындарына құны 68 млн теңгені құрайтын сомаға тауар әкелінде. Олардың 53 тоннасы ет өнімі, 87 тоннасы сүт өнімі, 15 тоннасы сүттен жасалынған өнімдер, ал қалған 65 тоннасы тағы басқа тауарларды құрады.

Айта кету керек, Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері соңғы 6 жыл бойы өткізіліп келеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама