Алматыда жарылғыш зат қойылды деп қалжыңдаған лейтенант сотталды

Алматыда лейтенант ата?ынан айырылып 1 жылын темір торда ?ткізеді. Взвод командиріне сот осындай ?кім кесті. М?ндай жаза сотталушы?а с?тсіз ?алжы?ы ?шін та?айындалды. Ол сапта ж?ріп ?скери жата?хана вахтеріне бомба ?ойылды деп ?о?ырау шал?ан. Осыдан со?, ш??ыл ?рекет ету ?ызметі ?ре т?регеліп, тінту жасапты. Алайда, жарыл?ыш затты сол к?йі таба алма?ан. Есесіне, жал?ан а?парат таратушыны бірден аны?тады. ?йткені, лейтенант ?з телефонынан ?о?ырау шалыпты. Айта кетейік, о?и?а осы жазда Жамбыл облысында бол?ан. Б?л м?ндай ?ылмыс ?шін соттал?ан бірінші ?скери ?ызметші. Б?л туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Алматыда лейтенант атағынан айырылып 1 жылын темір торда өткізеді. Взвод командиріне сот осындай үкім кесті. Мұндай жаза сотталушыға сәтсіз қалжыңы үшін тағайындалды. Ол сапта жүріп әскери жатақхана вахтеріне бомба қойылды деп қоңырау шалған. Осыдан соң, шұғыл әрекет ету қызметі өре түрегеліп, тінту жасапты. Алайда, жарылғыш затты сол күйі таба алмаған. Есесіне, жалған ақпарат таратушыны бірден анықтады. Өйткені, лейтенант өз телефонынан қоңырау шалыпты. Айта кетейік, оқиға осы жазда Жамбыл облысында болған. Бұл мұндай қылмыс үшін сотталған бірінші әскери қызметші. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

"Сот айыпталушының жағдайын ескере отырып, заңға сәйкес үкім кесті. Менің білуімше, мұндай қылмыс түрі әскери қызмет жағдайында алғаш рет жасалды. Бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс", - деді Гвардиялық гарнизонының әскери прокурор орынбасары Игорь Гребенюк.

"Келтірілген залалдың орнын толық өтегеніне байланысты, біріншіден қылмыс тұңғыш рет жасап отыр, екіншіден жастығын, онан кейін әскери бөлімнен келген жақсы мінездемесін бәрін ескерген кезде шартты түрде жазаға тоқтау керек еді. Заңды күшіне кірмеген 15 күн ішінде осы гарнизонның үстінен қадағалайтын Республикалық әскери сотқа 15 күн ішінде аппеляциялық шағым береміз",- деді адвокат Ахмет Мұсабеков.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама