Алматыда жасы екіге толмаған сәби Бауыржан Байбекпен бірге веломаусымды ашу жарысына қатысты

Бауыржан Байбек. © Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы веломаусымды ашты, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Қала басшысы стартқа спорттық киіммен келді, шлем, көзілдірік пен қолғап киген әкім велосипедпен жүруге әбден дайындалыпты. Веложарыс таңғы сағат 08.30-да әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан басталып, Тұңғыш Президент атындағы саябақта аяқталды. Ара қашықтық - 9 шақырым.

"Веложарысқа үш мың адам қатысты. Олардың арасында спортшылар, әкімдіктің қызметкерлері, депутаттар, "Қазақстан Аруы-2014" Регина Вандышева мен атақты байкер Дмитрий Петрухин бар. Жасы ең кіші қатысушы Гүлнара Зиякенова болды. Оның жасы екіге де толмаған. Ол велосипедпен ата-анасымен бірге жүрді", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ең жас қатысушыға сыйлық ретінде велосипед жүргізгенде киетін шлем тарту етілді. Биыл алматылықтар үшін тағы алты веложарыс ұйымдастырылады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама