Алматыда жауған қардың қалыңдығы төрт сантиметр болды

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда 11 қарашада сағат 23.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін төрт сантиметр қар түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Басқармадағылардың мәліметінше, көктайғақтың алдын алу мақсатында 155 құмшашыратқыш жұмылдырылған. Қар жауып жатқан кезде көктайғаққа қарсы 2 800 тонна материал қолданылған.

"Түнгі уақытта 416 арнайы техника жұмылдырылды. Жолдағы жұмысшылардың саны 1045 адамға жетті. Күндізгі уақытта қар тазалауға 860 дана техника мен 2 620 жол жұмысшысын жұмылдыру жоспарланып отыр", - деп хабарлады Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасындағылар.

Реклама
Реклама

"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, қар 13 қараша таңғы уақыта дейін жауады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама