Алматыда жерасты өткелдерінде сауда жасайтындарға жаңа орындар беріледі

Алматыда?ы жерасты ?ткелдерінде сауда орындарын жалдайтындар?а сауда орталы?тары мен ?ала базарларынан орындар беріледі, - хабарлайды krisha.kz ?кімдіктегілерге сілтеме жасап.

Алматыдағы жерасты өткелдерінде сауда орындарын жалдайтындарға сауда орталықтары мен қала базарларынан орындар беріледі, - хабарлайды krisha.kz әкімдіктегілерге сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Әуезов ауданындағы жерасты өткелдерінде сауда орнын жалдайтындар  "Метро" мен "Сары-Арқа" базарына көшіріледі, Алмалы ауданындағылар  "Арена", "Атриум", "Детский мир" сауда орталықтарына немесе "Жұлдыз", "Тұлпар", "Барыс", "Саламат", "Береке" және "Никольский" (барлығы 92 орын) базарларына көшіріледі.

Ал Жетісу мен Медеу ауданындағылар "Алтын Тараз", "Мерей" , "Алма", "Азия", "Мега Тау" сауда орталықтарындағы орындарға көшіріледі.

Реклама
Реклама

Бостандық ауданындағы бизнесмендерге  3 235 сауда орны беріледі екен.

Түрксіб ауданында жерасты өткелінде сауда жүргізілмейтіндіктен онда орындар бөлінбейді.

Мұнымен қоса, аудандық әкімдік өкілдері барлық жалға алушыға несиелеу шарттары мен шағын бизнес жүргізудің талаптарын түсіндіріп өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама