Алматыда жоғалып кеткен Әлихан Капановтың денесі табылды

Камила Долаева Журналист

Алматыда 6 ақпанда жоғалып кеткен 23 жасатағы Әлихан Капановтың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда 6 ақпанда жоғалып кеткен 23 жасатағы Әлихан Капановтың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық полиция департаментіндегілер бұл мәліметті растады, жас жігіт үсік шалып, қайтыс болды деген ақпарат бар. 

"Зорлық белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Жігіт туыстарының айтуынша, оның үсіген денесі Алма-Арасан маңынан табылған. 

Бұған дейін жігіттің туыстары мен достары 23 жастағы Өскемен тұрғыны Әлихан Капанов 6 ақпанда сағат 16.30-да Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысында үйінен шығып, кейін жоғалып кеткенін хабарлаған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама