Алматыдағы атыстан Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолованың туысы қаза тапты

Алматыдағы атыстан Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолованың туысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұны депутаттың өзі растап отыр.

Оның айтуынша, ер адам полицей болған. "Ол бірінші қаза тапты", - деп хабарлады Зәуреш Аманжолова. Алайда ол марқұмның аты-жөнін атамай, жай-жапсары кейін белгілі болатынын айтты.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 8 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған. 

Реклама
Реклама

 Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралып жатыр. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама