Алматыдағы селдің тікұшақтан түсірілген видеосы мен суреттері жария болды

©Дәурен Исаев

Әкім Ахметжан Есімовтің Алматыдағы селдің тікұшақпен аралауы түсірілген видеосы мен суреттері жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода бұзылмаған су бөгеті көрінеді. Ал елді мекенді су басқан. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарының аумақтарын ішінара су басқан. Селден кейін Алматыда 280-нан астам адам эвакуацияланды. Оның барлығы №176 орта мектеп пен Наурызбай әкімдігінің ғимаратына жеткізілді. ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5571, 28237 әскери бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. 

Реклама
Реклама

©Дәурен Исаев

Сонымен қатар, Наурызбай ауданының Қарғалы өзенінің су бөгетінің жарылғаны туралы қауесет жалған болып шықты. "Қасселденқорғау" ММ өкілдері бөгеттің зақымданбағаны жайлы мәлімет таратып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама