Алматыдан 170 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 170 шақырым қашықтықта жер сілкінді Скриншот © some.kz

Қырғызстанда магнитудасы 4,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 21 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 15.05-те тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 170 шақырым қашықтықта Ыстықкөлге жақын жерде болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,7, тереңдігі - 5 шақырым. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай аумағында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулері 1 қыркүйек күні сағат 00.26-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 285 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,6, тереңдігі - 10 шақырым. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама