Алматыдан 208 шақырым жерде магнитудасы 4,2-ге тең зілзала болды

©Some.kz

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 208 шақырым жерде магнитудасы 4,2-ге тең зілзала болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулері 8 сәуірде Астана уақыты бойынша 09.35-те тіркелді. Оның эпицентрі қырғызстан территориясында орналасты. Жер асты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте. Жер асты дүмпулеріне 9,0 энергетикалық классы берілді. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

30 наурызда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Жерасты дүмпулері 30 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12.48-де тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматы облысында - Қазақстан аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,1. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет болмады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама