Алматыдан 2300 вагон қар шығарылды

Алматыда т?рт т?улікте 123 мы? кубометр ?ар шы?арылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ?кімдікті? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. М?нша ?ар 2275 вагонды толтыру?а жететіні айтылды.

Алматыда төрт тәулікте 123 мың кубометр қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұнша қар 2275 вагонды толтыруға жететіні айтылды.

70 километр жол тазартылды. "Бұл Алматы мен Қапшағай қаласына дейінгі аралықпен тең", - деп атап өтті әкімдіктен. Тек қарашаның 23-нен 24-не қараған түні 18 мың кубометр немесе 333 вагон қар шығарылған. "Қазіргі уақытта, ұзындығы 300 километрдей болатын 50 негізгі көшені толықтай тазарту жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қар әлі құрылыс түспеген бос орындар мен қазаншұңқырларға шығарылған. Күн жылына бастаған кезде ол жерлерден кездейсоқ қоқыстар да шығарылып, қалпына келтірілетіні айтылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама