Алматыдан 261 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Алматыдан 261 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды ©REUTERS

Алматыдан 261 шақырым қашықтықтағы Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  "ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық экспедиция комитеті" ММ сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі Астана уақытымен 12.27 минутта тіркелген. Жер сілкінісі магнитудасы 4,0 балды құраған. Сілкініс 8,5 энергетикалық класты көрсеткен. Жер сілкісінің кіндігі 5 шақырымдық тереңдікте орын алған. 

Еске саламыз, сәуірдің 5-і күні Алматы облысы аумағында да магнитудасы 4,0 балға тең жер сілкінісі тіркелген болатын. Ол уақытта жер асты дүмпуінің кіндігі Алматыдан 88 шақырым қашықтықтағы солтүстік-шығыс аймақтағы 10 шақырымдық тереңдікте тіркелген. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама