Алматыдан Алакөлге қатынайтын пойыз іске қосылды

Алматыдан Алакөлге қатынайтын пойыз іске қосылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қосымша бағыттың ұйымдастырылуына қазынадан 63 миллион теңге бөлініпті. Мамандардың пікірінше, жаңа бағыт ішкі туризмді дамыту мақсатында пайда болған. Аталған пойыз көрікті мекенге аптасына үш рет қатынайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ президенті Ермек Төлегеновтің айтуынша, бұл шараның елдегі жалпы туризмді дамытудың бір жолы. "Алакөл жағасында демалушылар үшін туристік пойызды жіберу қарсаңында отырмыз. Мемлекетіміздегі жалпы туризмді жандандыру мақсатында көп іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Төлегенов.

Реклама
Реклама

Бүгінде Алакөлге жолаушы тасымалдайтын 6 вагон бар. Оның 36-сы отырып баруға, тағы 18-і жатып баруға арналған орындар. Сонымен қатар, жолақысының шамамен 4 мың мен 8 мың теңге аралығында екені белгілі болды.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама