08 қыркүйек 2022 | 11:09

Алматы әкімі әлеуметтік желілерде парақша ашу туралы сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашасыз ба деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашасыз ба деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындарының бірі әкімнен:

""Естуші мемлекет" жобасы аясында әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашуды жоспарлап отырсыз ба? - деп сұрады.

Реклама
Реклама

Бұған жауап берген Досаев бұл жоба аясында Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар екенін айтты.

"Біз Instagram-да, Facebook-те басқа да әлеуметтік желіде бармыз. Сондықтан бұл әкім үшін қалыпты қарым-қатынас форматтары деп ойлаймын. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Бізде де Open Almaty сайты бар екенін білесіздер, бұл қоғамдық қабылдау. Күнделікті қала тұрғындарының барлық өтініштерін қарап, оқимын. Дүйсенбі күндері таңертең жедел уәкіл ретінде, тіпті, азаматтарымыздың өтініштеріне байланысты бөлек бөлшектеу жұмыстарын жүргіземін. Ал Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшасы белсенді жұмыс істейді", - деді қала басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная