20 қазан 2022 | 15:16

Алматы әкімі ескі зират орнына салынып жатқан тұрғын үй кешеніне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда ескі зират маңынан заңсыз тұрғын үй салынып жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде құрылыс мәселесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ескі зират маңынан заңсыз тұрғын үй салынып жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде құрылыс мәселесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Горный гигант аумағындағы зират орнында құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео авторлары құрылысшылар бірнеше бейітті бүлдіргенін атап өткен.

Реклама
Реклама

Басқа жазбаларда құрылыс зиратқа жақындағанын, ағаштар кесіліп жатқанын, шұңқыр қазылғанын атап өтті. Бұл ретте зираттардан 300 метрге дейінгі қашықтықта құрылыс салуға ресми түрде тыйым салынған.

Сондай-ақ, бұл құрылысқа қатысты мәселе әкім қатысқан жиында қойылды. Ерболат Досаев бұл жерге тұрғын үй кешені салынбайтынын айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, Әл-Фарабиден жоғары көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салынады. Жер телімі әкімшілік ғимаратпен бірге жеке тұрғын үй құрылысына берілген. Өкінішке қарай, сіз айтып отырған зират тіркелмеген, (50-жылдардағы зират Іле ауданына қараған, еск.) тіпті қала картасында да жоқ. Зират жағдайымен айналысуды тапсырдым", - деді әкім.

Сондай-ақ, әкімдік құрылысқа рұқсат берілмегендіктен және құрылыс салушылардың жобалық-сметалық құжаттары болмағандықтан, жұмысты қала құрылысын бақылау бөлімі тоқтатқанын атап өтті. Шұңқыр заңсыз қазылған, қожайындардың біріне қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная