19 тамыз 2022 | 16:48

Алматы әкімі қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға қала құрылысы кеңесін құру туралы ережені қамтитын түзетулерге қол қойды. Оның міндеті – қала құрылысы саясатын жүзеге асыруда шешімдер қабылдау тиімділігін арттыру және қаланың тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету. Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

"1 тамызда Алматы әкімі Ерболат Досаевқа қала құрылысы кеңесін құру туралы құжат жобасы ұсынылып, қаулы, регламент әзірлеу және оның құрамын бекіту рәсімдері басталды. Бүгін, 19 тамызда қала әкімі тиісті қаулыға қол қойды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құжат Алматы қаласы әкімдігі 23 адамнан аспайтын мөлшерде бекітетін кеңестің құрамын, сондай-ақ функцияларын, өкілетін, құрылымы мен жұмыс тәртібін бекітеді. Қала құрылысы кеңесіне сәулет, қала құрылысы, қалатану, көлік, инклюзия, экология, креатив экономика, әлеуметтану, экономика салаларының мамандары кіреді. Бұл ретте қаралатын мәселелердің ерекшеліктеріне қарай кеңес отырыстарына басқа сарапшылар да қатыса алады.

Кеңес іске асыруға ұсынылған қала құрылысы және сәулет жобаларын ашық талқылау және шешім қабылдау үшін консультативтік-кеңесші органға айналатыны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная