13 тамыз 2020 | 10:38

Алматы әкімі троллейбустардан бас тартуға қатысты пікір білдірді

Фото: Әлихан Сариев

Алматыда троллейбус инфрақұрылымдарын модернизациялау келер жылы аяқталады. Троллейбустардан бас тарту күн тәртібіне қойылған жоқ және қойылмайды да. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда троллейбус инфрақұрылымдарын модернизациялау келер жылы аяқталады. Троллейбустардан бас тарту күн тәртібіне қойылған жоқ және қойылмайды да. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаев троллейбустардың жұмысын қамтамасыз ететін байланыс желілері мен қосалқы станцияларды модернизациялау бағдарламасының өткен жылы қабылданғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Осы жылы пандемия салдарынан шығындар қысқартылды. Жыл соңына дейін 16 көшедегі байланыс желілері жаңаратылады.

"172 шақырым желілерді ауыстыруды қажет ететін троллейбус инфрақұрылымын толықтай модернизациялауды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Алматы әкімі "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде 

2020 жылдың соңына дейін Жандосов, Сейфуллин, Қабанбай батыр, Әуезов, Розыбакиев, Жұбанов, Емцов, Қалдаяқов, Пушкин көшелері мен Рысқұлов және Райымбек даңғылдарының бойындағы ескірген байланыс желілері алынып тасталады және қайта монтаждалады.

Бұрын кабельді және байланыс желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары сонау 2000 жылы ғана жүргізілген екен. Күн сайын сегіз бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға 160 троллейбус шығатын болады. Мұндағы жолаушы ағыны - ай сайын шамамен 2,5-3 миллион адам. Троллейбус желісінің жалпы ұзындығы - 191 шақырым.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная