Алматы әкімі үнді штамына байланысты жаңа қаулы шығатынын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Локдауна болмайды. Бірақ шектеу шаралары міндетті түрде енгізіледі. Қаулы жобасын қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті дайындап жатыр. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет комитетінің шешімін күтеміз және комитеттің алғашқы қаулысы шыққан кезде біз де қаулыны жариялаймыз.

Вирустың қаншалықты тез тарайтынын көріп отырмыз, сондықтан бәрі түсінеді деп ойлаймын. Бұл жерде бірінші кезекте вакцинацияны күшейту қажет", - деді әкім.

Айта кетейік, Алматыда 21 маусымда "дельта" штамының алғашқы жағдайы тіркелген болатын. Талдаулар қосымша зерттеуге жіберілген. Кейін үш тәулік ішінде Алматыда "дельта" штамы бар 10 сынамаға дейін анықталған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама