12 желтоқсан 2022 14:45

Алматы әкімдігі ақылы автотұрақтардың жұмысы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы әкімдігі ақылы автотұрақтардың жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі ақылы автотұрақтардың жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның ақылы автотұрақ желісінің жұмысына қатысты сауалына қалалық әкімдік "Алматы автотұрағы" ШЖҚ бірыңғай оператор - КМК құру рәсімдері аяқталғанын және кәсіпорын директоры тағайындалғанын хабарлады. Автотұрақтарды одан әрі күтіп ұстау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу басталды.

"Осы уақытқа дейін бұрын автотұрақтарды басқарған компаниялар өз қызметін жалғастырады. Яғни, тұрақтар қалыпты жұмыс істеп жатыр, төлемдер тексеріліп, айыппұлдар шығарылып жатыр", - делінген сауалға жауапта.

Реклама
Реклама

2022 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша компаниялардың есепшотында 596 миллион бар. Бұл сома күн сайын толықтырылып отырады және серіктестік басшыларына қатысты сот ісі аяқталғаннан кейін құрылған мемлекеттік кәсіпорынның есепшотына аударылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram