ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2022 | 14:29
Алматы әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жасады
Алматыда 9 ақпаннан 10 ақпан таңға дейін қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 9 ақпаннан 10 ақпан таңға дейін қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, ауа температурасы күндіз 0...-2 градус, ал түнде -4...-6 градус болады. Сондай-ақ, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Көктайғақтың алдын алу үшін 204 құмшашқыш пайдаланылған. 624 арнайы техника мен 1 538 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.
"Мұз қатып, тротуарларда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеміз", - делінген хабарламада.
Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасында арақашықты сақтап, кенет маневр жасамауға кеңес берілді. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.
Бұған дейін 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также