21 ақпан 2022 | 15:39

Алматы әкімдігі ескі үйлерді сүру бойынша тұрғындардың талабына жауап берді

Алматы тұрғындары ескі үйді сүріп, оларды жаңа пәтерге көшіруді талап етті. Қала әкімдігі қойылған талапқа жауап берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары ескі үйді сүріп, оларды жаңа пәтерге көшіруді талап етті. Қала әкімдігі қойылған талапқа жауап берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шевченко көшесіндегі тұрғындар терезеге үйлерін сүруді талап ететіні туралы жазылған плакат іліп қойды. Олардың сөзінше, 1940 жылдары салынған ағаш үй апатты деп танылған. Үйдің қабырғалары мен төбесі құлап, ғимараттың өзі өртке қауіпті. Олар үйлерін бұзып, жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер беруге дайын құрылыс компаниясын тапқанын хабарлады, бірақ қала әкімдігі бұзуға рұқсат бермей отыр.

Әкімдік өкілдері тұрғындардың шағымына жауапта бұл үй Шевченко көшесі, 113 мекенжайында орналасқанын және ол Алматыдағы ескі үйлер тізіміне кіретінін хабарлады. Реновация аясында бұл учаскеге инвестор табылғаны да белгілі. Алайда құрылыс салушыға үйді сүруге рұқсат берілмеді, өйткені компания ұсынған құжаттар стандарттарға сәйкес келмеді. 

Реклама
Реклама

"Ескертулер жойылғанда мәселе заңға сәйкес қаралады", - делінген әкімдік хабарламасында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная