09 қаңтар 2022 12:44

Алматы әкімдігі қаладағы жағдай қандай екенін айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Tengrinews.kz тілшісіне 9 қаңтардағы қаладағы жағдай туралы мәлімет берді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Tengrinews.kz тілшісіне 9 қаңтардағы қаладағы жағдай туралы мәлімет берді.  

Оның сөзінше, Алматыда жағдай салыстырмалы түрде тұрақты.

"Осы түнде ғимаратқа шабуыл жасалмады. Түн салыстырмалы түрде тыныш өтті", - деді Бабақұмаров.

Реклама
Реклама

Алматы әкімінің орынбасары ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, қалада бандалық топтардан мына аймақтар қорғалған: Президент резиденциясы, Алматы әкімдігі, Республика алаңы, Думан ықшамауданы, "Карсити" СҮ аумағы, Әуезов және Наурызбай аудандары. 

Лаңкестік шабуылға, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысы бар 850-ге жуық адам ұсталғаны, қару мен оқ-дәрілер тәркіленгені де хабарланды. 

Қалада әлі де арнайы операция жүріп жатыр. 

"Тазарту жұмыстары қала бойынша жүріп жатыр. Тұрындарға әскери биліктің талабын орындап, коменданттық сағат ережелерін сақтауға кеңес береміз. Ең бастысы коменданттық сағат уақытында 23.00-ден 7.00-ге дейін үйден шықпаңыздар", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram