27 маусым 2023 | 09:13

Алматы әкімдігі қандаланың қаптап кетуіне қатысты шағымдарға жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы әкімдігі тұрғындардың ағаш қандаласы қаптап кетуіне қатысты шағымдарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі тұрғындардың ағаш қандаласы қаптап кетуіне қатысты шағымдарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасы мәліметінше, биыл Алматыда 2,3 миллионнан аса жасыл желек өңделеді. Жұмыс 15 сәуірде басталды.

"Бұл ағаштардың тұрақты күйін жақсарту және сақтау және олардың әртүрлі зиянкестерге төзімділігін арттыру үшін жасалады. Өңдеу жапырақ жейтін және жапырақ соратын зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша ағаш қандаласына қарсы өңдеу де жүргізіліп жатыр", - деді басқармадағылар.

Реклама
Реклама

Өңдеу жұмыстары зиянкестер мен аурулардың биологиясының ерекшеліктеріне, климаттық факторларға байланысты түнде және таңғы уақытта жүргізілетіні атап өтілді.

Өңдеу әр маусымда төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  • I кезең - 15 сәуірден 20 мамырға дейін (оның ішінде төрт рет емен, екі рет терек өңдеу);
    II кезең - 30 мамырдан 30 маусымға дейін;
    III кезең - 10 шілдеден 10 тамызға дейін;
    IV кезең - 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная