ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2023 | 17:57
Алматы әкімдігі көшелерді жарықтандыруға қатысты мәлімдеме жасады
Алматы әкімдігі мәлімдеме жасады: әкімдік көше жарығына кінәлі жауапсыз компаниямен шартты бұзады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі мәлімдеме жасады: әкімдік көше жарығына кінәлі жауапсыз компаниямен шартты бұзады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы Қала Жарық" ЖШС жауапты компанияның шарттағы міндеттемесін орындамау салдарынан туындаған Алматыдағы көше жарығына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Мұның бәрі 2018 жылы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, сонымен қатар, "Алматы Қала Жарық" ведомстволық бағынысты ұйымы (АҚЖ) жеке әріптес – консорциуммен "Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруды жаңғырту" жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шартын жасасқан кезде басталды. Консорциум құрамында "ABM-Vuilding 2007", "Электроремонт" ЖШС және "ABM-Project" ЖШС сынды үш компания бар.
Келісім-шартқа сәйкес, жаңғырту жұмыстарына байланысты 2020 жылдан бастап ағымдағы жөндеу жұмысының көлемі 2,5 еседен астам көбейді. Шарт бойынша жеке әріптес 2019-2023 жылдар аралығында 8,1 миллиард теңге инвестициялауға тиіс болды, ал іс жүзінде олардың тек бір бөлігін ғана салды. Жоспарланған инвестициялардың орындалмауы қаланың сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту бағдарламасының орындалмағанын көрсетеді. Операциялық шығындардың өтемақысы (ағымдағы жөндеу) жыл сайын жеке серіктестің өтініші бойынша өсті: 2019-2023 жылдар аралығында ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар 12,08 миллиард теңгеден 28,5 миллиард теңгеге дейін өсті, бұл жекеменшік әріптес жұмыс істеген кезде қаланың сыртқы жарықтандыру желісінің жай-күйінің айтарлықтай нашарлағанын дәлелдейді. Бұл кезеңде ағымдағы жөндеуге арналған сома 16,5 миллиард теңгеге артты, яғни бастапқы құнынан 2,3 есе көп", - делінген мәлімдемеде.
"Жекеше әріптес ынтымақтастықтың барлық кезеңінде МЖӘ нысандарын жобалау, жаңғырту және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды орындау мерзімдерін бірнеше рет бұзған. Ал кейбір жұмыс толықтай ақаумен тапсырылды әрі олардың консорциумы оны дер кезінде жоймады. Энергетика басқармасы және АҚЖ 2022 жылдың басынан бастап шарт бойынша жұмыстарды орындау сапасы мен мерзімі бойынша жазбаша түрде бірнеше рет ескерту жолдаған. Бірақ қазіргі уақытта бұл талаптар орындалмады, көптеген бұзушылық жойылған жоқ. Бұл қалада сыртқы жарықтандыру мәселесін тудырады".
"Жеке серіктес жұмыс жүргізу ережелерін, жобалау және байқау құжаттамасында көрсетілген нұсқаулықтар мен ережелерді, сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтерді елемейді. Оның шарттағы міндеттемелерді орындамауы алматылықтардың көшелерді жарықтандыру мәселесіне орынды шағымын тудырады. Олар мұны Алматы әкімдігінің өкілдерімен кездесулерде, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде үнемі айтып, мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмысына наразылық білдірді", - деді "Алматы Қала Жарық" басшысы Игорь Мысик.
"Нәтижесінде жауапсыз жекеше әріптеспен шартты бұзу үшін сотқа талап қою туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, консорциумға қатысушылардың бірі – "Электроремонт" ЖШС - мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген. ҚР "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңына сәйкес (32-бап, 1-тармақ, 7 тармақша), бұл жеке серіктес үшін одан әрі МЖӘ шартын жасасуда тікелей дисквалификациялық жағдай болып табылады".
"Жекеше әріптес инвестициялаған 29 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты шағымдар негізсіз. МЖӘ шартына сәйкес инвестицияланған қаржыны өтеу төлем кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қазір әкімдік 17,5 миллиард теңгені өтеді. Қалған қаржыны өтеу 2025 жылдың соңына дейін, сонымен қатар, МЖӘ шартының кестесіне сәйкес, жеке әріптес міндеттемелерін орындаған жағдайда жүзеге асыру жоспарланды. Қызмет көрсету шығындары жеке серіктестің инвестициясынан асып түсетіні де маңызды", - деді "Алматы Қала Жарық" басшысы осы фактілердің барлығы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында шарттың талаптарына сәйкес тексерілетінін атап өтіп.
АҚЖ тарапынан жеке серіктестің атына жазбаша түрде бірнеше рет тиісті ескертулер мен шағымдар жіберілді, олар осы уақытқа дейін орындалмады. Соның нәтижесінде қала тұрғындары қас қарайғанда тиісті сыртқы жарықтандырусыз қалады, бұл ретте сапасыз қызмет көрсету тек жекелеген шамдарды ауыстыруда ғана емес, сонымен қатар, қала көшелерінде оқтын-оқтын жарықтандырудың болмауынан да көрінеді.
Мұндай келеңсіздікке басты себеп – жеке серіктесте қаланың барлық аумағында техника мен білікті бригадалардың болмауы, делінген әкімдік мәлімдемесінде.
"Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Алматы қаласы мен АҚЖ Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мәжбүрлі шара ретінде МЖӘ шартын бұзу туралы сотқа екі тәуелсіз талап арыз жолдады. ABM-Building 2007 өкілдері өткізген баспасөз мәслихаты жеке серіктестің мемлекеттік серіктестерге қатысты теріс қоғамдық пікір қалыптастырғысы келетінін көрсетеді, бұл ретте жеке серіктес заң нормалары мен шарт талаптарын басшылыққа алмай, тек өзінің қара басының мүддесін жоғары қояды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также