ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2020 | 16:42
Алматы әкімдігі тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды
Алматы әкімдігі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауапты құрылымдармен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу үшін елімізге шетелден келген азаматтарды бақылауға алған.
"Алматы әуежайына халықаралық рейстермен ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылдың 27 қазаны мен 3 қараша аралығында шетелден Алматыға 7 682 жолаушысы бар 51 әуе рейсі ұшып келді. ПТР анықтамасы жоқ 258 жолаушы анықталды. Олар карантин мекемелеріне оқшауланды. 219 жолаушының ПТР-тестісі теріс нәтиже көрсетсе, 39 жолаушының тест нәтижесі тексеріліп жатыр", - делінген өңірлік коммуникация қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, Алматы әкімдігі тұрғындарды шетелге шықпауға шақырды.
"Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын шетелге шығуды тоқтата тұруға шақырады. Тұрғындар барлық санитарлық-эпидемиялық талапты сақтауы керек: маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Әсіресе, 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпау ұсынылады", - делінген хабарламада.
Әкімдік әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін, бірқатар мемлекетте коронавирус жұқтыру дерегі өскенін ескертті.
Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 825-ке жетті. 14 226 науқас айықты, 290 науқас қайтыс болды.
Қазақстанда 113 741 науқас COVID-19 жұқтырды. 106 893 науқас жазылды, 1 857 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также