15 ақпан 2022 14:00

Алматы әкімдігі тұрғындардың қар тазалауға қатысты сынына жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Суретті түсірген Айжан Түгелбаева/Tengrinews

Алматы әкімдігі тұрғындардың қар тазалауға қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі тұрғындардың қар тазалауға қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы қар тазалаудың жұмысын сынға алған видео тарады. Видеода қар тазалаушылардың бірі қаладағы аялдамалардың жиегіне жиналған қарды жолға қарай сыпырып жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Тағы бір видеода, жеке сектор тұрғындары қарды өз есік алдынан тас жолға дейін сыпырған.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2022 жылдың 15 ақпанында Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрден асқан. Қарды арнайы техниканың көмегімен шығару үшін жұмысшылар аялдама қалталарында және шұңқыр бөлігіндегі қарды көшеге қарай сыпырған.

"Алматы Тазалық" МКК қызметкерлерімен қар тазалау жұмыстарын жүргізу технологиясын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ал екінші видеодағы мәселені анықтап, кінәлілерді жазалау мәселесімен табиғатты қорғау полициясы жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram