Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды.

Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды.

"Еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп жатқаныңыз үшін алғысым шексіз. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын", – деді Асыл Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның төртінші қабатқа дейін өрмелеп шығып, пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.

Реклама
Реклама

Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы "Алма Сити" тұрғын үй кешенінде болған. Төртінші қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама