ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2022 | 12:21
Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы атауын өзгертеді
Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы атауын өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы атауын өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ұсынысты "Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы" мәселе бойынша өткен мәслихат сессиясында Алматы әкімі аппаратының басшысы Асат Нұрпейісов айтты.
"Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығын қорғау мақсатында еңбек инспекциясын бөліп, әлеуметтік қорғау бөлімін қайта құру ұсынылады", - деді Нұрпейісов.
Сондай-ақ, функцияларды Қоғамдық даму басқармасына бере отырып, Шығармашылық индустрия басқармасын Жастар саясаты мәселелері басқармасы деп атау ұсынылды. Бұл ретте шығармашылық салаларды дамыту функционалы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына беріледі.
"Жобада Энергия тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту басқармасын - Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Тұрғын үй саясаты бөлімін - Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Жасыл экономика бөлімін - Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті, Жайлы ортаны дамыту басқармасын - Құрылыс басқармасы, Қоғамдық денсаулық басқармасын - Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы деп өзгерту көзделген", - деді Нұрпейісов мәслихат сессиясында.
Барлық депутат жобаны қолдап дауыс берді, қарсы болғандар жоқ. Алматы қаласын басқарудың жаңа құрылымы жобасы мақұлданды. Өзгерістер 2022 жылдың 1 мамырына дейін енгізіледі деп жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также