ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2022 | 14:43
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары жаңа қызметке келді
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхит Әзірбаев жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхит Әзірбаев жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұхит Әзірбаев Қазақстан құрылыс саласы одағының төрағасы болып сайланды. Қауымдастық мүшелері бірауыздан шешім қабылдаған.
"Құрылыс саласы одағы өндірістік компанияларды, құрылысшыларды, дизайнерлерді, сәулетшілерді біріктіреді. Одақ өз алдына құрылысшылардың кәсіби қоғамдастықпен қарым-қатынасын шоғырландыру және құру, жобалау және құрылыс кезінде жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ құрылыс саласын дамыту стратегиясын іске асыруға жәрдемдесу, құрылыс қызметтерінің сапасын арттыру міндеттерін қояды", - делінген Құрылыс саласы одағының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также