27 мамыр 2019 | 15:16

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

© Ілияс Өсеров

Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы қызметте Ілияс Өсеров Әсел Жүнісованы алмастырды. Ол бала күтіміне байланысты қызметтен кетіп жатқанын жазған еді.

Реклама
Реклама

Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Туран-Астана университетінің түлегі.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрындары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған.

Еңбек жолын ДБАО "Сбербанктің" несие әкімшілігі бөлімінде бастаған. ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда істеген. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған.

Жаңа қызметінде Ілияс Өсеров стратегия мен бюджет, мемлекеттік активтер, туристік қызмет, халықаралық ынтымақтастық пен цифрландыру мәселелеріне басшылық жасайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная