08 қаңтар 2022 | 13:19

Алматы әкімінің орынбасары қалалықтарға үндеу жасады

Алматының орталық көшесі. Сурет: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаланы лаңкестер мен бандалық топтардан тазалау жалғасып жатыр, үйде қалуды сұраймыз, әсіресе тазалау жұмыстары жүріп жатқан жерлерде. Екіншісі: көлікпен тек мемлекеттік нөмірлерімен және құжаттармен қозғалуды сұраймыз, құқық қорғау органдарымен әріптестік орнатуды сұраймыз. Үшіншісі: қазір біз әкімдік комендатурасынан ресми хабарлама әзірлеп жатырмыз, онда қалалықтарға барлық күмәнді тұлғалар, қоғамдық қауіп туғызуы мүмкін деген нысандар туралы хабарлауды сұраймыз. Сондықтан қоғамды бұл жұмыстарға тартпай бұл бәлекеттің бетін қайтара алмаймыз", - деді Бабақұмаров.

Сонымен қатар, ол әкімдік қала көшелерін ел ішінен шыққан топтар күзетуіне қарсы екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Бұл әрине абыройлы іс, бірақ біз шабуылшылар содыр екенін түсінуіміз керек. Олар оқудан өткен адамдар. Сондықтан біздің әдісіміз бойынша халықтан шыққан күзет топтары нысандарды күзетуге араласады, бірақ біз олар көшелерді күзетуіне немесе қарулы топтармен байланыс орнатуына түбегейлі қарсымыз, себебі бұдан қалалықтар зардап шегуі мүмкін, біз бұған қарсымыз. Мұнда қауіпсіздік мәселесі ойластырылуы керек, таразы басында адам өмірі тұр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная