19 мамыр 2021 | 13:03

Алматы аудандарының бірінде 19 үй сүріледі

Фото: elements.envato.com

2021-2025 жылдарға арналған реновация бағдарламасы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданында 19 үй сүріледі. Бұл ауданда 27 үйді бұзу жоспарланған, олардың сегізі сүрілді, - деп хабарлайды Krisha.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021-2025 жылдарға арналған реновация бағдарламасы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданында 19 үй сүріледі. Бұл ауданда 27 үйді бұзу жоспарланған, олардың сегізі сүрілді, - деп хабарлайды Krisha.kz.

"Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өкілдері портал тілшілеріне Алматының басқа аудандарында сүрілген үйлер туралы да ақпарат берген:

  • Әуезов ауданында 5 үй (40 пәтер);
  • Түрксіб ауданында 3 үй (42).
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Жетісу ауданында жеті үй және Медеу ауданында екі үй бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.

"Ескі үйлердегі пәтер иелері бұрынғы пәтерінің техникалық төлқұжатына сәйкес, тұрғын санына қарамастан жаңа пәтерге көшіріліп жатыр.

Ол үшін қазір бар немесе салынып жатқан тұрғын үй қоры қарастырылған. Шарт - өтеусіз негізде тұрақты немесе уақытша тұру. Уақытша тұрғын үйде меншік иелері тек коммунал қызметін төлейді", - делінген Krisha.kz порталында.

Сондай-ақ, ақысы төленсе тұрғын үй жағдайын жақсартуға болады. Баға бір шаршы метрге нарықтағы құн негізінде қалыптасады. Жеңілдіктер мен жеңілдік беру мәселесі де жеке қарастырылады, дейді тілшілер.

Жөндеу жобасы ескі тұрғын үй иелерінің 100 пайыз келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная