ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2022 | 16:25
Алматы аудандарының бірінде ыстық су уақытша болмайды
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ға сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі:
- 6 мен 17 маусымда аралығында Лавренев-Дөнентаев көшелері шаршысында; Жұлдыз-2 ықшамауданы.
- 6-20 маусым аралығында Баймағамбетов-Монтажная-Федосеев көшелері шаршысында.
- 6 мен 27 маусым аралығында Лавренев-Дөнентаев-Соболев-Зимняя көшелері шаршысында; Гете Новосибирская-Майлин-Заславский көшелері; Бекмаханов-Свободная - Сүйінбай көшелері.
- 6 мен 28 маусым аралығында Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг көшелері шаршысында.
"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также