02 маусым 2022 16:25

Алматы аудандарының бірінде ыстық су уақытша болмайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимаратта ыстық су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ға сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі:

  • 6 мен 17 маусымда аралығында Лавренев-Дөнентаев көшелері шаршысында; Жұлдыз-2 ықшамауданы.
  • 6-20 маусым аралығында Баймағамбетов-Монтажная-Федосеев көшелері шаршысында.
  • 6 мен 27 маусым аралығында Лавренев-Дөнентаев-Соболев-Зимняя көшелері шаршысында; Гете Новосибирская-Майлин-Заславский көшелері; Бекмаханов-Свободная - Сүйінбай көшелері.
  • 6 мен 28 маусым аралығында Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг көшелері шаршысында.
Реклама
Реклама

"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram